Кәсіпкер Баталов Бишімбаевтың айыптауына жауап қатты

24.04.2024 Оқиға
4

Бизнесмен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді.

«Маған қарсы сойқан қылмыс жасады деп айыпталған адамның аузынан шыққан сөз – бос сөз, бұл ессіз өтірік екенін айтқым келеді, бұл өтірікке сенбеуге шақырамын», - деді Баталов.

Ол соңғы уақытқа дейін Бишімбаевтың соты бойынша түсініктеме бергісі келмегенін, бірақ «атына кір келтіретін лас тәсілі оны мәлімдеме жасауға мәжбүр еткенін» атап өтті.

Ол сондай-ақ Нүкеновтердің отбасына көңіл айтты. Бұған дейін кәсіпкердің әйелі Ленара Баталова да Салтанат Нүкенованың туыстарына қолдау білдірген болатын.