Газа секторында шабуыл басталды
14.05.2021
Оқиға
4
Израиль армиясы Газа секторында әуеден және құрлықтан шабуыл басталғанын хабарлады.
Бөлімшелер ұшақ, тікұшақ және танктерді қолданып сектордағы нысанаға оқ жаудырып жатыр. Билік 9000 резервшіні шекараға дейін тартып, жұмылдырды. Әскерлердің Газаға әлі кірмегені анықталды.
Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 103 палестиналық, соның ішінде балалар Газада атыс кезінде қаза тапты.
Жүздеген адамдар зардап шекті. Израильдің оңтүстігіндегі Ашдод және Ашкелон қалалары бағытында ондаған зымыран атылды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, аймақта тұратын көптеген палестиналық отбасылар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.