Ер адам көлігінде өртеніп кетті

02.02.2024 Оқиға
4

Павлодарда ер адам автокөлігімен бірге өртеніп кетті.

«2 ақпан күні сағат 5.31-де көліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Үйлердің бірінің ауласында ВАЗ-2190 толықтай жанып кеткен. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері көліктің жанынан 2001 жылы туған ер адамның күйген денесін анықтады», - деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт орнында жеке құрамның бес адамы мен бір техникасы жұмыс істеді.