Екі теміржолшыны пойыз басып кетті

22.01.2024 Оқиға
6

2024 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кетті.

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған.

"Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді" деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.