Екібастұзда сауда орталығының төбесі опырылып түсті. Жарақат алғандар бар

17.02.2025 Оқиға
5

Екібастұздағы сауда орталығында болған құлау салдарынан үш кәмелетке толмаған бала мен екі ересек адам медицина қызметкерлеріне жүгінді.

"Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне бесеуі жүгінді, олардың үшеуі – 2008, 2009 жылы туған кәмелетке толмағандар", – деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Оларға әртүрлі жарақаттарға байланысты амбулаториялық ем тағайындалды.

Сауда үйі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жабылды.

Еске сала кетейік, сауда үйінде 150 шаршы метр аумақта аспалы төбенің құлауы орын алған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.