Д. Абаев: Арандатушылар "барахолкада" қақтығыс жасауға үндеу жасаған
08.02.2020
Оқиға
21
Жамбыл облысы Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланған жоқ, елдің басқа аймақтарында да жағдай тұрақты деп мәлімдеді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 8 ақпанда өткен брифингте.
Сондай-ақ министр Алматыдағы "барахолка" не үшін жабылғанын айтты.
«Түсініңіздер, барахолкада қақтығыс жасауға үндеу жасалған. Сондықтан сақтық шаралары күшейтілді», - деді министр Абаев журналистерге.
Ел ішінде Барахолка деп аталып кеткен базарлар бүгін жабық тұр. Базар маңын патрульдік полиция қоршап тұр.