«Бұл оқиғаны еске алу өте ауыр». Сотта Шерзаттың апасы куәлік етті

18.04.2025 Оқиға
23

Қазір осы сәттерде 60 жастағы Шерзат Болаттың әжесі сотта куәлік етіп жатыр.

Ол немересі қаза тапқан күні жұмыстан келіп, шай ішіп отырғанын айтты.

«Менің жұмыс күнім таңғы 10-нан кешкі 22.00-ге дейін. Каржаубай хабарласып, Шерзатты сабап кеткенін айтты. «Тыныштық па?» – деп сұрадым. Ол: «Тыныштық» деп жауап берді», – деді әжесі.

Бірақ әже жүрегіне бір нәрсе сезілгендей болып, келінімен бірге оқиға орнына барған.

Әжесі онда халықтың көп жиналуын күтпегенін айтты.

«Пышақ және басқа да жағдайлар туралы білгенімде – бірден полиция мен жедел жәрдем шақырар едім. Бұл оқиғаны еске алу өте ауыр. Кісі өлтірушілердің бетіне сотта қарап отыру да оңай емес», – деді ол.

Сондай-ақ, ол айыпталушылардың «нақты өлтіруге келген» деп есептейтінін айтты, өйткені олар үш көлікпен дайындалып келген.