Бішкекте милицияға жұдырық жұмсаған Қазақстан азаматы ұсталды
22.08.2022
Оқиға
4
Бішкек қаласында милиция қызметкерін ұрғаны үшін Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлады Sputnik Бішкек қаласының Ленин аудандық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қаладағы жанжалдың видеосы тарады. Кадрда екі әйел мен ер адам жас жігітті жұлқылап жүр. Ол Қазақстан азаматы болып шықты. Жерлесіміз бір баланы қорғаймын деп, жанжалдың ортасында қалғанын айтты. Артынан бір ер адам келген.
Милиция куәлігін көрсеткен жоқ. Екеуі ерегесіп қалды. Сол кезде қазақстандық оны бір ұрды. Оны да соққыға жыққан.
Бішкектің ішкі істер органдары таратқан мәліметке сәйкес, 17 тамызда "102"-ге Жас Гвардия даңғылында милиционер ұрғаны туралы хабар түскен.
Ал А. А. есімді милиция қызметкері ұлттық госпитальдің көмегіне жүгінді. Оның мұрын сүйегі сынған, көзі көгеріп, бас сүйек-ми жарақатын алды. "Миы шайқалды" деген диагноз да қойылды.
"2003 жылы туған күдікті К. А. Бішкек қаласы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ленин аудандық сотының үкімімен үй қамаққа отырғызылды. Оның анасы жазбаша арыз түсіріп, белгісіз адамдарға қатысты шара қолдануды сұрады. Олар, шамамен, 14:00-де баласына дене жарақатын салған", — дейді милиция қызметкерлері.Қазіргі кезде милиция қызметкері мен күдіктіке қатысты сараптамалар тағайындалды. 18 тамызда қылмыстық іс Ленин аудандық прокуратурасына жіберді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.