Автокөлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам қаза болды

01.11.2022 Оқиға
4
Жамбыл облысында көлік пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты. 1 қарашада сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазды Tengrinews.kz.

"Көлік апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.