Астанадағы Ұлы Дала даңғылының бір бөлігін су басты
19.04.2024
Оқиға
21
Елордадағы Ұлы Дала даңғылының бір бөлігін су басты. Бұл турады ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана қаласында қардың қарқынды еруіне байланысты Ұлы Дала даңғылындағы қар шығаруға арналған полигонда жол төсеміне еріген судың түсуі және төгілуі орын алуда», - делінген хабарламада.
Аталған орынға ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.