Астанада Сарыарқа өртке оранды

26.02.2025 Оқиға
5

Астанада «Сарыарқа» сауда-ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта Астана өрт сөндірушілері Нұра ауданындағы Тұран даңғылында орналасқан СОСО-дағы өртті сөндіріп жатыр», – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Белгілі болғандай, оқиға орнында құтқарушылар жоғары деңгейдегі дабыл бойынша жұмыс істеп жатыр.