Астанада бұзылған етті сатып келген цех анықталды
25.05.2025
Оқиға
36
Құқық қорғаушылар елордада осы уақытқа бұзылған ет өнімдерін өңдеп, сатумен айналысқан азаматты әшкереледі, деп жазды inbusiness.kz.
"39 жастағы азаматқа тиесілі гараж бөлмесі табылды. Онда ол ет сату және өңдеумен айналысқан. Толықтай антисанитариялық жағдай сақталмаған, орын лас, тіпті, бұзылған еттің иісі болған", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Жедел қызметкерлер үш ірі қара малдың басы мен екі тұтас сүйегін, сондай-ақ жылқы еті мен фаршқа дайындалған шикізатты анықтады. Барлығы 600 келі өнім тәркіленді.