Астанада 140-тан астам жол апаты болды
13.10.2024
Оқиға
5
Ауа райының күрт суытуынан 12 қазанда кешкісін Астанада 120 жол-көлік оқиғас тіркеліп, 12 адам зардап шекті.
"Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) 12 қазанда елорда жолдарында 118 жол – көлік оқиғасы тіркелді, 12 адам дене жарақатын алды", - деді Астана ПД.
Сондай-ақ 13 қазанда түнгі 00:00-ден 08:00-ге дейін 28 жол-көлік оқиғасы болғаны. Зардап шеккендер жоқ.
Полиция жүргізушілерден жолда өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, тежегішті қатты баспауды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, белгіленген жерлерде көлікті қалдыруды, сондай-ақ патрульдік полицейлердің талаптарын орындауды сұрайды.