Арыстағы жарылыстан зардап шеккен үш адам ауыр жағдайда

24.06.2019 Оқиға
3390

Шымкенттегі бірінші қалалық жедел жәрдем  ауруханасына  Арыстағы жарылыстан зардап шеккен адамдар түсе бастады.

otyrar.kz сайтының жазуынша, аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай,  он адам зардап шегіп, үш адам ауыр жағдайда деген.

«Адамдар ауруханаға түсіп жатыр. Біз оларды қабылдап, бірден қажетті көмектер көрсетіп жатырмыз. Зардап шеккендерді қабылдауға дайынбыз.Қазір сөйлей алмаймын, кешіріңіз», — деді аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай.