"Арыста екі адам қаза тапты: Оның бірі қала тұрғыны, екіншісі әскери адам"

25.06.2019 Оқиға
4
Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Арыс қаласында болған жарылыстан екі адам қаза болғанын хабарлады. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелович Тоқаев төтенше жағдайлар болған оқиға орнында болды, нақты тапсырма берді. Тиісті шаралар ұйымдастырылып, Арыс қаласының тұрғындары түгел қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке орай екі адам қаза тапты: Оның бірі азаматтық тұлға, екіншісі әскери адам. Олардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Жапа шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде", - деді премьер-министр үкімет отырысында. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=RYspzdPJHQQ[/embed]