Ақшабұлақ кен орнында жарылыс болып, бір адам қаза тапты

21.08.2023 Оқиға
4
Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ кен орнында жарылыс болды, қаза тапқан адам бар. Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналында хабарланғандай, қайғылы оқиға 19 тамыз күні сағат 02:20 шамасында болған.

Ақшабұлақ кен орнында вагон-цистерна жарылып, одан кейін өрт шықты. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмып, үш адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды, бір адамға медициналық көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, мән-жай анықталып жатыр.

Arasha.kz

ФОТО: gov.kz