Қыз алып қашу қайғылы жағдаймен аяқталды

27.05.2025 Оқиға
6

Алматы облысында орын алған «алып қашу» рәсімі қайғылы оқиғамен аяқталды. Қалыңдық отырған көлік БАКАД тас жолында жол апатына ұшырады.

Апат 24 мамыр күні кешке БАКАД автожолының 36-шақырымында болды. Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, KIA көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен жанасып соқтығысқан. Соққының инерциясынан Mercedes-Benz аударылып кеткен. Соның салдарынан көлік ішіндегі жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды.

Қаза тапқан адам — алып қашып келе жатқан қалыңдық болып шықты. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.