Алматының қақ ортасында атыс болды (видео)
11.03.2019
Оқиға
3
Алматының ортасындағы атыс түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, Алматы полиция департаменті видеоға қатысты түсінік берді.
[embed]https://www.instagram.com/p/Bu2lgsUgdI7/?utm_source=ig_web_button_share_sheet[/embed]Алматы қаласы полиция департаментінің таратқан хабарына қарағанда, оқиға 7-наурыз күні Сәтпаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. Полиция қылмыстың ашылғанын және төрт күдіктінің ұсталғанын да растаған. Іс бойынша тергеу жүріп жатқан көрінеді.