Алматыдағы жер сілкінісінен 44 адам зардап шекті

23.01.2024 Оқиға
4

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны – 44 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

"Бүгін, түннен таңға дейін Алматыда бас жарақаты, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді.

Әр түрлі көрсеткіштермен олар қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам бар. 3 науқас ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-і ауруханаға жатқызылды, 5-і амбулаториялық емге жіберілді.