Алматыда жас жігіт 18 көпқабатты үйден секіріп кетті
23.09.2024
Оқиға
4
Әлеуметтік желілерде Әуезов аудандындағы көп қабатты үйлердің бірінен жас жігіттің секіріп, қаза болғаны жайлы ақпарат тарады.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған жайтты растады.
- Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.