Алматыда үш қабатты заңсыз ғимаратты бұзу басталды
28.02.2025
Оқиға
5
Медеу ауданында 3-ші көшедегі 12-учаскеде заңсыз салынған үш қабатты нысанды сүру жұмыстары басталды.
- Құрылысқа рұқсат беретін құжаттары жоқ
- Жоспардан тыс тексеріс кезінде заңбұзушылықтар анықталды
- Нысан иесіне бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілді, бірақ ол орындалмады
- Сот ғимаратты сүру туралы шешім шығарды, апелляция көмектеспеді
Бүгін Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Бұл бірінші жағдай емес: 2023 жылдан бері Алматыда 67 заңсыз құрылыс сүрілді, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері бар.