Алматыда пакетке оралған әйелдің денесі табылды
06.12.2024
Оқиға
5
Әлеуметтік желіде Түрксіб ауданында адам денесі табылды деген ақпарат тараған видео пайда болды. Кадрларда полиция қоршауға алған аумақты көруге болады.
Әйелдің жасы шамамен 45-50-де болған. Полиция аталған жайт бойынша түсініктеме берді.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.