Алматыда екі қабатты коттедж өртенді

08.06.2025 Оқиға
8

Өрт шыққан жерде өрт сөндіру штабы құрылып, өрт сөндіру оқпандары тартылып, су үздіксіз беріліп тұрды.

Тілсіз жауды ауыздықтау қиынға соқты — ғимарат толықтай ағаштан салынғандықтан, жану деңгейі жоғары болды.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонды шығарып, мүмкін жарылыстың алдын алды.

— Өрт 600 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады ҚР ТЖМ.