Алматыда автобуста әйелді ұрған 66 жастағы ер адам ұсталды
26.11.2024
Оқиға
6
Оқиға жолаушылар арасындағы дау-дамайдан басталған. Әйелдің қатты сөйлегеніне наразылық білдірген ер адам оған дене жарақатын салған.
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.