Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастаған күдікті ұсталды

08.05.2025 Оқиға
6

Алматы облысында полиция қылмыстың "ізін суытпай" 49 жастағы ер адамды ұстады. Ол ер адамның мәйітін теміржол рельстеріне апарып тастаған деген күдікке ілінді.

«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 49 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 7 мамыр күні Алматы облысында теміржол бойынан адамның мәйіті табылып, бұл факті бойынша тергеу басталған болатын.