Алматы облысында шина зауыты өртенді

16.03.2025 Оқиға
5

Өртті сөндіру және өрт сөндірушілердің жұмысын үйлестіруді ҚР ТЖ министрі Шынғыс Арынов басқарды. Қазіргі уақытта ол Алматы облысында іссапарда.

Өртті жоюға өңірлік және Алматы қаласының ТЖД-ның 40-қа жуық қызметкері мен 12 техника бірлігі жұмылдырылған.

Өрт Жаңалық ауылындағы шина өндіретін зауытта шықты. Өртті сөндіруді жоғары температура қиындатты.