Абай облысында өрт сөндіруші оттың ортасынан шыға алмай көз жұмды
Өрт сөндірушілер өрт-техникалық қару-жарақты жинауды тоқтатып, шұғыл эвакуациялауға кіріскен. Бірақ автоцистерна мен КАМАЗ су тасымалдаушы көлігі толығымен жанып кетті. Өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков пен жүргізуші-қызметкер Айдос Тоғызбаев, өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрлан Салимжан өрттің ортасында қалып, күйіп қалған. Қызмкерлер Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасына жатқызылды.Табиғи өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру автоцистернасы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының өрт сөндіруге су жеткізетін КАМАЗ 12 текше метр су алды. Осы кезде жел бағытының өзгеруі салдарынан өрт автоцистернаға қарай аумақты шарпыды. Техникаға арналған эвакуациялау жолдары барлық жағынан отқа оранып, биіктігі екі метр ағаш өртенді», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
36 жастағы жігіттің артында жесірі мен бес баласы қалды. Ол азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап қызмет еткен. Елімізде қызметтік міндеттерін атқару кезінде өртке қарсы және құтқару қызметтерінің 65 қызметкері қайтыс болды. Ал әлеуметтік желіде ауыл тұрғындары тілсіз жаумен күресуге барған өрт сөндірушілердің оттан қорғанатын арнайы киімдерінің болмағанын жазып жатыр.«Өрт аумағы 500 га құрады, өрт 8 қыркүйекте сағат 5.40-та сөндірілді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 14 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Айдос қатты күйік алып, жарақатынан ауруханада көз жұмды. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылды», - делінген хабарламада.