3 қабаттан құлаған әйел ағашқа ілініп қалды

20.06.2024 Оқиға
4

Ақсу қаласында ТЖМ құтқарушылары пәтердің терезесінен құлаған әйелге көмекке келді.

«Павлодар облысының Ақсу қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылар күшімен үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйел ағаштан түсірілді», - делінген ТЖД таратқан мәліметте.

Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен көтеріліп, ағашта ілініп тұрған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.