Жамбыл Ахметбеков тағы президенттік сайлауға түседі

26.04.2019 Жаңалықтар
4

Бүгін Қазақстан коммунистік халықтық партиясы кезектен тыс 14 съезін өткізді. Жиында партия мүшелері Жамбыл Ахметбековты 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік айлауға ұсынды.

Еске салсақ Жамбыл Ахметбеков 2011 жылы партияның кезектен тыс 5 съезінде президенттікке кандидат ретінде ұсындылған. Нәтижесінде Ахметбеков халықтың 1,36% дауысын жинап, президенттікке өтпей қалды. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 95,55% дауыспен жеңіске жеткен еді.