Жаңаөзен әкімі ауысты

04.09.2019 Жаңалықтар
6
Бүгін, 4 қыркүйекте Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты. Жаңа әкім болып Ибрагимов Мақсат Оңғарбайұлы тағайындалды. Ол бұған дейін "ӨзенМұнайГаз" АҚ-да басшылық қызметтер атқарған. Осыған дейін Жаңаөзен әкімі  Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы болды. Еске салсақ, 2-3 қыркүйек күндері Жаңаөзен қаласында тұрғындардың митингісі өтіп, жүздеген адам қала орталығындағы алаңға жиналған. Олар Қазақстанға Қытайдың 55 кәсіпорынының салынуына қарсы. Кеше, 3 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі мен Жаңаөзен қаласының әкімдері наразы топпен кездесіп, Қытайдың 55 кәсіпорынының салынуы туралы ақпарат негізсіз екендігін айтқан. Алайда, тұрғындар әкімдердің сөздеріне сенбейтіндіктерін айтып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ресми хабарлауын талап етті. Бірақ президент әлі митингіге шыққан азаматтарға еш жауабын берген жоқ.