Ұлттық банк "Tilashar" монеталарын шығарды
21.12.2021
Жаңалықтар
5
Ұлттық банк "Tilashar" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған монеталар "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" сериясын жалғастырады. Монеталардың басты бетінінің (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY, REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазуы, төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін жазу орналасқан. Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) мектеп атрибуты элементтері бар балалар суреттерінің бейнелері, монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін, соғылған жылы көрсетілген жазу орналасқан. "Күмістен, мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет жағы мен сырт жағының бейнелері бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған, мельхиордан жасалған монеталарда интерференциялық құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған", - делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.