Украина президент сайлауы: Зеленский жеңісін тойлап, Порошенко жеңілісін мойындады - экзит-полл

22.04.2019 Жаңалықтар
4

Украинадағы президент сайлауының екінші турында шоумен Владимир Зеленский жеңіске жеткенін сайлау учаскелерінен шыққан дауыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамалар айғақтады.

Ұлттық экзит-полл деректеріне қарағанда, сайлаушылардың 73,2% Зеленскийге дауыс берген. Ал "Украинская правда" мәліметінше, Украинаның қазіргі президенті Порошенко 25% пайыз дауыс жинаған.

Петр Порошенко экзит-полл деректерін қарап, жеңілісін мойындаған. Ал Зеленскийдің сайлау штабы жеңісті тойлап жатыр.

«Мен президент қызметінен келесі айдан бастап кетемін. Көптеген украиндықтар осылай шешті. Бұл шешімді мен қабылдаймын" депті Порошенко.