"Украина бойынша келіссөздерді тіпті Антарктидаға ауыстыруға болады"
Мәскеудің мәлімдемесінде 2015 жылы жасалған Минск келісімдеріне бейілділік Украинадағы жанжалды реттеу жөніндегі келіссөздер орнынан маңыздырақ екені айтылған.
Минск мен Мәскеу бұл мәлімдемелерін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина жөніндегі бейбіт келіссөздердің тығырыққа тірелгенін айтып, бұл келіссөзді енді Астанада өткізуді ұсынғаннан кейін жасады. АҚШ-қа сапары барысында Назарбаев Ақ үйде президент Дональд Трамппен кездесуде Украина тақырыбын талқылағандарын, Трамп ол келіссөздерді басқа жерге ауыстыруды ұсынғаны туралы айтқан болатын.
Бұған дейін Минскіде Украинадағы жанжалды реттеуге бағытталған бейбіт келіссөздердің бірнеше кезеңі өткен. 2014 жылы көктемде Украинаның шығысында үкімет әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында қарулы жанжал басталғалы бері 10 мыңнан аса адам құрбан болған.
Дереккөз: azattyq.org