Уәдесінде тұрмаған әкім немесе "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдарынан пайда жоқ, мемлекетке қайтарып береміз"
16.02.2019
Жаңалықтар
3
Шымкент қаласында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен кездесуге шамамен 300-ге жуық ана әкімшілікке жиналған, - деп хабарлайды azattyq.org.
Азаттықтың жазуынша, қала әкімі 15-ақпанда халыққа есеп беру жиналысында 16-ақпанда, сағат 11-де көп балалы аналармен кездесуге уәде бергенмен, кездесуге келмеген. Аналармен жолығуға қала әкімшілігінің шенеуніктері келгенмен, аналар әкімнің келуін талап еткен (видео).
Кейін белгілі болғандай, қала әкімі аналарды жеке қабылдай бастаған көрінеді.