Тыйымға қарамастан жасалған той

06.09.2020 Жаңалықтар
6
Нұр-Сұлтан қаласында тыйымға қарамастан той жасалды. Жергілікті полиция департаменті мейрамханалардың біріне қонақ шақырып, ұзату тойын жасағандарды әшкереледі. "Тыйымға қарамастан іс-шараны ұйымдастырушы 50-ге жуық қонақ шақырған. Отбасылық мереке тоқтатылды. Мейрамхана мен той иесі адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Бұл іске қатысты процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деді полиция қызметкерлері.