Түркіменбашы сенбілікке ақалтекемен келіп, ақ сапты күрекпен ағаш екті

10.11.2020 Жаңалықтар
7
Түркіменстанда күзгі көгалдандыру науқаны басталды. Елдің президенті бұл шараға ақалтекемен келіп, ақ сапты күрекпен ағаш екті. Биыл Түркіменстандағы мекемелер мен ұйымдар жоспардағы 10 миллион көшеттің орнына 25 миллионын егейік деп ұсыныс жасаған. Нейтралитеттің 25 жылдығына арналған бұл бастаманы аркадаг бірден қолдады.