Тоқаевтың өкімін елемеген Сапарбаев сөгіс алып тынды
03.08.2021
Жаңалықтар
5
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев президенттен сөгіс алды. Тоқаев кемшіліктерді қалпына келтіру үшін облыс әкіміне бір апта уақыт берді.
Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қайрат Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді» делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.