Тоқаев Қазақстандағы дизель отынын реттеуді үкіметке тапсырды
05.11.2021
Жаңалықтар
5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дизель отынының жетіспеушілігі жайлы пікір білдірді.
"Қазан айында елімізде дизель отының жетіспеушілігі байқалды. Оны қолдан жасады деуге болады. Бұл жағдай дизель бағасының өсуіне ғана емес, транспорттық компаниялар, ҚТЖ жұмысында проблемалардың туындауына себеп болды. Сонымен қатар коммуналдық және жол қызметінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етуге кедергі келтірді", - деді Тоқаев Екібастұздағы кеңесте. Президент айтып өткендей, мұнай өңдеу көлемі өскенімен, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының жетілдірілуіне қарамастан, үкімет және "Самрұқ-Қазына" қоры бірлесе отырып, мұнай өнімдері жетіспеушілігінің алдын ала алмаған.- "Мемлекеттік материалдық қор мен Төтенше жағдайлар министрлігінің инфрақұрылымы неліктен іске қосылмағаны түсініксіз. Мемлекеттік қорда 50 мың тонна дизель отынын сақтауға болады. Бұл қиын кезеңнен баға өсімінсіз және тапшылықсыз өтуге жеткілікті.