Тоқаев министрлер мен әкімдерді ақордаға шақырды
08.07.2021
Жаңалықтар
5
10 шілде, сенбі президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.
Жиын сағат 11:00-де бейнебайланыс режимінде өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.
Отырыста Қазақстанның биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады.
Сондай-ақ Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді.