Тоқаев Ермекбаевты отставкаға жіберді

31.08.2021 Жаңалықтар
5
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкасын қабылдады.

Бұған дейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Тараз маңындағы әскери қоймада жарылыс болғанын естігеннен кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты.  26 тамыз кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды. Белгілі болғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған. Соңғы мәлімет бойынша төтенше жағдайдан 15 адам қаза тапты. Барлығының жеке басы анықталды.