Тоқаев Ауғанстан мәселесін Ресеймен бірге талқылады
15.09.2021
Жаңалықтар
5
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-әрекеттерді талқылады. Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 35 этникалық қазақ – қандасыс Ауғанстаннан тарихи отанына оралды."Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шаралары өтетіндіктен ауған проблемасы жан-жақты талқыланды", - делінген хабарламада.