Тоқаев адам құқығы туралы жаңа заңға қол қойды

10.06.2021 Жаңалықтар
5
Президент Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы шаралары туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. «Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бүгін тиісті жарлыққа қол қойылды. Үкіметке оны орындау үшін шұғыл шаралар жоспарын қабылдауға тапсырма берілді», – деп жазды мемлекет басшысы. Заңда адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітіліп, мынадай жұмыс бағыттарын көзделді: - БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру; - адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету; - мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары; - әйелдерге қатысты кемсітуді жою; бірлесу бостандығына құқық; - пікір білдіру бостандығына құқық; адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру; - адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.