Тоқаев мемлекеттік БАҚ өкілдерін марапаттады
Президент Қ.Тоқаев журналисттер күні қарсаңында бір топ мемлекеттік БАҚ өкілдерін марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жас Өркен» ЖШС бас директоры Жүсіпбек Қорғасбекке, «Комсомольская Правда – Қазақстан» газетінің бас редакторы – Виктор Кияницаға, «Ана тілі» газетінің бас редакторы – Жанарбек Әшімжанға, «Астана» телеарнасының редакторы – Жайна Жақсылықоваға президенттің өкімімен сыйлық тағайындалса, арнайы гранттар «Хабар 24» телеарнасының тілшісі – Рауан Мыңбаевқа, «Qazaqstan» телеанасындағы «Мәселе» талдамалық бағдарламасының жүргізушісі Нартай Сәрсенғалиевке, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Маңғыстау облыстық филиалының шеф-редакторы Асем Сартбаеваға берілген.
Ал «Егемен Қазақстан», «Экспресс К», «Знамя труда» және «Шалқар» радиосы шығармашылық ұжымдарына президенттің алғысы жарияланған.
Сондай-ақ, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Хабар» телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Александр Трухачев, «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушілері Қымбат Досжан және Дана Нұржігіт, «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Шалқар Қожаев, «Qazaqstan» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Ерлан Атамбай, «Литер» газеті бас редакторының орынбасары Жанна Ойшыбаева, «КТК» телеарнасының бас директоры Эльмира Джамилова, сондай-ақ «Қазақпарат» ХАА және «Жетісу» телеарнасы президенттің алғыс хатын алған.