Қ. Тоқаев қайтыс болған қорықшының отбасына көңіл айтты
23.07.2019
Жаңалықтар
4
Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ақмола облысында браконьерлер қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторы Қаныш Нұртазиновтың отбасына көңіл айтатындығын жариялады.
[embed]https://twitter.com/TokayevKZ/status/1153623097980936194[/embed]
Естеріңізге салсақ, 23 шілдеде Ақмола облысында киіктерді атқан браконьерлер екі инспекторға шабуыл жасап, біреуі жазым болып, екіншісі жараланған.
Қайтыс болған Қаныш Нұртазиновтың артында төрт баласы қалды.
Аталған фактке қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 тармағы бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.