"СҚ-Фармация"-ның жаңа басшысы 1 млн 300 мың теңге жалақы алады
23.10.2020
Жаңалықтар
6
"СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы ол «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Төрағаға айына 1 миллион 300 мың теңге, оның орынбасарына 900 мың теңге, басқарушыларына 450-ден 650 мың теңгеге дейін еңбекақы төленеді. Есқалиевтің үш басқарушысы мен бір орынбасары бар. Спикер сонымен бірге коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы баяндап, қоймада екі айға жететін дәрі-дәрмектің бар екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "СҚ-Фармация"-ның баспасөз қызметі компания қызметкерлерінің жалақысын жария еткен болатын. Қазіргі уақытта менеджер - 200 000 теңге, бас менеджер - 350 000 теңге, әкімшілік-басқару персоналы - 450 000 теңге көлемінде жалақы алады.