Синоптиктер дауылды ескерту жариялады

15.02.2021 Жаңалықтар
5
«Қазгидромет» РМК синоптиктері дауылды ескерту жариялады. Елміздің басым бөлігінде ауа райының бұзылады. 15 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі. Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15 м/с болады деп күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда қаласында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай қаласында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.   Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады деп күтіледі. Петропавл қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанда қаласында түнде тұман күтіледі.  Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тараз қаласында 15-17 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.