Шөкеев орынбасарының істі болғаны рас па?

18.05.2021 Жаңалықтар
5
Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары Мейіржан Мырзалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды деген ақпарат еліміздегі бірнеше телеграм-каналдар арқылы тарап кетті. Желіде тараған мәліметтерге сүйенсек, әкімнің орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша іс қозғалған. Сонымен қатар, Түркістан облыстық әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр деген ақпарат тарады. Ресми органдар бұл туралы ақпарат таратуға әзірге асығар емес. Ішкі істер министрлігі тек елорда мен өңірлерде лауазымды тұлғаларға қатысты басталған тергеу жүріп жатқанын растады.