Серікқали Брекешев экология министрі болды

10.09.2021 Жаңалықтар
5
  Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. 
“Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын”, – делінген президент бұйрығында. Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда дүниеге келген.  1995 ж. – Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, "Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану" факультеті.    1995-1997 жж. – "Қазақстан-Ресей сауда үйі" БК, бас директордың орынбасары, экономист. 1997 ж. – Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор.    1997-1998 жж. – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Мұнайгермес" материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер. 1998-2006 жж. – "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері. 2007-2014 жж. – энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.   2015-2020 жж. – "ҚазТрансГаз" АҚ құрылымында  ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.

2020 жылдың 5 наурызынан бастап – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.