Сенат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
30.12.2021
Жаңалықтар
5
Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл өзгерісті депутаттың басқа жұмысқа ауысуына байланыстырды.
Сенат депутаттары әріптесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады. Еске сала кетейік, кеше мәжіліс отырысында Бекболат Тілеуханның өтінішімен оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.