"Сайлауды жариялау мен әділ сайлау мүмкіндігі Қазақстанда екі бөлек нәрсе"

09.04.2019 Жаңалықтар
4

Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өтетіндігін жариялады. Бұл туралы қоғам белсенділері әлеуметтік желіге өз пікірлерін жазып жатыр.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев, сайлау өтетіндігін жариялау мен әділ сайлау мүмкіндігі Қазақстанда екі бөлек нәрсе екендігін әлеуметтік желідегі парақшасына жазыпты.

" Бұл сайлаулардың сценарийі, қатысушылардың құрамы, массовка мен бас солист, қазірдің өзінде тағайындалып қойған шығар. Оппозициялық алаң тазаланған. Әкімдер бұйрық күтіп отыр. Сайлау коммисияларының болашақ жетекшілері бұйрық алады. Биліктегі ойыншылар насихаттың стандартты жиынтығын алады. Мұның бәрін өтіп кеткенбіз. Енді бәріне политтехнология дәнегін себу ғана қалды. Ол қазір басталып кеткен. Бізде жалпы барлық саясатты политтехнологияға әкеп қойған, себебі нағыз саясат бәсекелестік пен сайлау құқығынан тұрады" -дейді Д. Сәтпаев.